7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: кәсіптiк
жоғары білім алу үшін мемлекеттік білім гранттарын беру жолымен кәсіптік
білім алудың қол жетімділік деңгейін көтеру; қоғам дамуының
интеллектуалдық, мәдени және адамгершілiк деңгейiн арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 371-қосымша
ҚР Үкіметінің 01.07.03 ж. № 150г; 06.11.03 ж. № 150л қаулыларымен
371-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған
051 "Болашақ" бағдарламасы шеңберiнде шетелдегi жоғары оқу
орындарында кадрлар даярлау" республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 265454 мың теңге (екi жүз алпыс бес миллион төрт жүз елу төрт мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 46-бабы; "Бiлiм" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық "Болашақ" стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу мен тағайындау туралы Ереженi және шетелде кадрлар даярлау туралы республикалық комиссияның ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы; "Шет елде кадрлар даярлау үшiн" Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық "Болашақ" стипендияларын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375Жарлығымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" стипендиясын тағайындау туралы Ереже.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жарияланған рейтингтерге сәйкес өте жақсы көрсеткiштерге жеткен шетел жоғары оқу орындарында Қазақстанның дарынды жастарына магистр (шебер) деңгейiнде жоғары білім алуға көмек көрсету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: шетелде әлемдiк білім деңгейiне сәйкес келетiн бiлікті мамандар даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Қазақстан
Республикасының экономикасын және әлеуметтiк салаларын әлемдік еңбек
нарқына жауап бере алатын жоғары білiктi мамандармен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 372-қосымша
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 053 "Мәскеу авиация институтының
"Восход" филиалында кадрлар даярлау" республикалық
бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 9 735 мың теңге (тоғыз миллион жетi жүз отыз бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 46-бабы; "Бiлiм" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясының Жоғары білім жөніндегі мемлекеттік комитетi арасындағы "Байқоңыр" кешенi үшiн ғарыштық техника саласында Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан мамандар даярлау туралы 1995 жылғы 4 тамыздағы Келісім; "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі мен Ресей Федерациясының Жоғары білім жөніндегі мемлекеттік комитетi арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы" 1993 жылғы 23 сәуірдегі Келісім.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: республиканың ғарыштық техника жөніндегі жоғары білімдi мамандарға деген қажеттiгiн қанағаттандыру, республикалар арасында ғылым және білім саласындағы ынтымақтастықты өзара дамыту.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: ғарыштық техника бойынша мамандарды арнайы даярлау, "Байқоңыр" кешенi инженерлiк-техникалық жұмысшыларының Қазақстан Республикасы азаматтары арасынан біліктілігiн арттыру.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
ғарыштық техника саласын жоғары білімдi біліктi мамандармен қамтамасыз
ету.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 373 қосымша
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 054 "Жоғары оқу орындарында кадрлар
даярлауды мемлекеттік кредиттеудi қамтамасыз ету"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 15 313 мың теңге (он бес миллион үш жүз он үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бiлiм"
Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының
жоғары оқу орындарында мамандар даярлауды мемлекеттік білімдiк
несиелендiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20
шілдедегi № 1018 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Бiлiм және Ғылым
министрлігінiң "Қаржы орталығы" мемлекеттік мекемесiн құру туралы"
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 12 қазандағы № 1523 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет
қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік білімдiк
несиелендiру процесiн қамтамасыз ету, республика бюджетiнен бөлiнетiн
несиелендiру процесiн қамтамасыз ету, республика бюджетiнен бөлiнетiн
несиелендiру қаражатын тиiмді пайдалану.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының
жоғары оқу орындарында мамандар даярлау жөніндегі несиелендiрудiң, банк
операцияларын жүзеге асыру; несие ресурстарын одан әрi өтеу үшiн қарыз
алушылардың банкiн құру; несие қаражатын республикалық бюджетке қайтаруды
бақылау, мемлекеттік білімдiк және студенттiк несиенi өтеуден жалтарған
жағдайда наразылық-талап жұмыстарын жүргiзу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: Жоғары оқу
орындарының есеп шотына несие қаражатын уақтылы түсiрiп отыру; бекiтілген
ереже бойынша несиенi бюджетке қайтару.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 374 қосымша
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 055 "М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университетiнің Қазақстандық филиалында
кадрлар даярлау" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 124 625 мың теңге (жүз жиырма төрт миллион алты жүз жиырма
бес мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бiлiм
туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының
46-бабы; "Білiм" Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы 30 қыркүйектегі № 448 Жарлығы; Қазақстан
Республикасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің
филиалын ашу туралы Астана қаласында 2000 жылғы 9 қазанда қол қойылған
Хаттама.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет
қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: елімiздің экономика және
әлеуметтiк салаларын жоғары білiкті мамандармен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу
мемлекеттік университетiнің бағдарламасы бойынша барлық кәсiптiк білім
және біліктілік деңгейде мамандар даярлау.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер:
қоғам дамуының интеллектуалдық және мәдени деңгейiн көтеру.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 375 қосымша
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 059 "Болашақ" бағдарламасын iске асыру
үшiн байланыс қызметтерiне ақы төлеу"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 10 000 мың теңге (он миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бiлiм"
Мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің
2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы
Президентінің "Болашақ" халықаралық сыйлығына үмiткерлердi iрiктеу және
тағайындау Ережесiн және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық
комиссия туралы Ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығы; "Шетелде кадрлар
даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнің Халықаралық "Болашақ"
стипендияларын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысы; Қазақстан Республикасы
Президентінің 1997 жылғы 3 наурыздағы № 3375 Жарлығымен бекiтілген
Қазақстан Республикасы Президентiнің "Болашақ" стипендиясын тағайындау
тәртібі туралы Ереже.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет
қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: "Болашақ" бағдарламасын
әкiмдендiруге байланысты мәселелердi жедел әрi сапалы шешу.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: үмiткерлердi iрiктеу, бөлу,
оқыту және оқуды аяқтағаннан кейiнгi кезеңде шетел әрiптестерiмен және
стипендиаттармен байланыстың барлық түрiн қамтамасыз ету.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер:
стипендиаттармен, шетелдiк жоғары оқу орындармен және делдалдық
ұйымдармен байланысты қамтамасыз ету жолымен "Болашақ" бағдарламасын
әкiмдендiруге байланысты мәселелердi жедел шешу.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 376 қосымша
ҚР Үкіметінің 27.12.03 ж. 150ас қаулысымен 376-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2003 жылға арналған 060 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және
ғылым министрлігі жоғары оқу орындарының әскери
кафедраларында запастағы офицерлердi даярлау"
республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 299 906 мың теңге (екi жүз тоқсан тоғыз миллион тоғыз жүз
алты мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Жоғары оқу
орындарындағы студенттердi (курсанттарды) запастағы офицерлер
бағдарламасы бойынша жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларда
әскери дайындықтан өткізу және запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша
студенттердi (курсанттарды) әскери дайындықтан өткізу белгiленген жоғары
оқу орындарының тiзбесi туралы Ереженi бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 3 қазандағы № 1094
қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет
қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының Қарулы
Күштерi үшiн республика қажеттiктерiн жоғары оқу орындарының студенттерi
қатарынан запастағы офицерлермен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: жоғары оқу орындарының
студенттерiн запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери дайындықтан
өткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер: республика
қажеттiктерiн запастағы офицерлермен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Үкiметінiң
2002 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1429 қаулысына 377 қосымша
Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі
Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2002 жылға арналған 063 "Балалардың мамандандырылған түзету
мекемелерi үшiн жаңа буын оқулықтарын әзiрлеу, шығару және
жеткiзiп беру" республикалық бюджеттік бағдарламасының
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 88 000 мың теңге (сексен сегiз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк-құқықтық негiзi: "Бiлiм
туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 4 , 18,
20, 30-баптары, "Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және
медициналық-педагогикалық түзеумен қолдау туралы" Қазақстан
Республикасының 2002 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 16-бабы, "Білім"
мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 30 қыркүйектегi № 448 Жарлығы, "Қазақстан Республикасы Бiлiм
және ғылым министрлігінiң республикалық Мемлекеттік қазыналық
кәсiпорындарын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2000
жылғы 19 сәуірдегі № 604 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көзi: республикалық бюджет
қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: арнайы коррекциялық білім беру
мекемелерiн оқулықтармен және оқу-әдiстемелiк әдебиетпен қамтамасыз ету.
5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: арнайы коррекциялық білім
беру мекемелерiнде оқу-тәрбие үрдiсiн қамтамасыз ету оқулықтар мен
оқу-әдiстемелiк материалдарды әзiрлеу және жасау. Жанарында кемiстiгi бар
балаларға арналған мектептердi зағиптар үшiн Брайл қарiбiмен, нашар
көретiндер үшiн iрi баспа қаріптерiмен басылған Қазақстан Республикасының
жалпы білім беру мектептерiне арналған жаңа буын оқулықтарымен қамтамасыз
ету. Оқулықтарды орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне
аудару. Оқулықтарды және оқу-әдiстемелiк материалдарды басып шығару,
қайта шығару және арнайы коррекциялық білім беру мекемелерiне жеткізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары: